Қоғам • 16 Тамыз, 2021

«Әлеуметтік әмиянның» банктік шоттан айырмашылығы бар ма?

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сауда және интеграция министрлігі пилоттық режимде «әлеуметтік әмиян» жобасының іске қосылу уақытын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік әмиянның» банктік шоттан айырмашылығы бар ма?

«2021 жылдың желтоқсанында «әлеуметтік әмиян» жобасының пилоттық нұсқасын енгізу жоспарланып отыр. 2022 жылдан бастап электронды ақша түріндегі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді  кезең-кезеңмен «әлеуметтік әмиянға» аудару жоспарланған», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев халққа арнаған жолдауында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестерін барынша цифрландыруды, соған қоса әр азаматтың атына «әлеуметтік әмиян» енгізуді тапсырды.

«Әлеуметтік әмиян» – банктік шоттың баламасы. Әлеуметтік әмияны бар азаматтарға банкке барудың, есепшот ашудың қажеті жоқ. Атаулы әлеуметтік төлемдер тікелей сол әмиянға аударылады. Ол арқылы бюджеттен әлеуметтік бағытқа бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын бақылауға болады.

Қазір барлық әлеуметтік төлем екінші деңгейлі банк шотына аударылады. «Әлеуметтік әмиянның» олардан артықшылығы – банкке жүгінудің қажеті жоқ. Цифрлық әмиян қолға ақша ұстап жүруді қажет етпейді. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50