Солтүстікке қонақ болып немесе қызмет бабымен келген санасы биік жандар көбінесе «Абылайдың ақ үйін», сосын Мағжан Жұмабаевтың іздерін көргісі келеді. Өкінішке қарай, ақынның музейі облыс орталығында емес, қаладан 120 шақырымдай жердегі Сарытомар ауылында. Ол жаққа жақсы жол тартылған, бірақ қыстың қытымыр күндері мен жаздың аптабында бәрібір ешкім бара қоймайды. Сондықтан музейді Қызылжар қаласына көшіру керек деген әңгімелер кезінде жиі айтылған. Тіпті мұнда Мағжан мен Злиханың тұрған үйлері де бар.

Осы жолдардың авторы да кезінде облыс әкімі болған, ақынның аталас туысы С.Биляловке айтып, әрі үйді сақтап, әрі музейді осында ұстаған тиімді болар еді дегенді айтқан еді. Әкім елп етіп ұсынысты қолдаған. Бірақ ерік-жігері төмендеу, шапқылап шаруашылықты ғана ойлаған әкімнің қолынан бұл іс келмеді. Мағжанның тұрған үйіне тек мемориалдық ескерткіш тақта ғана орнатуға шамасы келді. Ол үйде қазір жарнамалық газет орналасқан.
Әрине, баратын жері шалғайлау болғанымен Сарытомардағы музейдің Мағжан туралы дерек білгісі келетін адамдарға берері мол. Ақын осы жердегі Сасықкөлдің бойында туып, өскені белгілі. Аты жаман болса да:
«Алыстан мұнарланып
шалқыған көл,
Бетіңде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мап-майда мөлдірінде
қалқыған көл...
Сасық деп еркелетіп,
ат қойған көл,
От-суға иең түгіл, жат
тойған көл,
Назданып, жүйрік мініп,
тарлан шүйіп,
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл», – деген Мағжан сөзінің құдіретімен бүкіл қазақ даласына сұлу көл болып танылды.
Көлдің жағасында орналасқан Сарытомар ауылында ақынның 100 жылдық мерейтойына орай 1993 жылы музей ашылған. Қазір оның үш залы түрлі экспонаттарға толып тұр. Барлық саны 250. Олар ақынның жеке өмірінен, шығармашылық қадамдарынан, ұлтжандылық, күрескерлік қырларынан, қоғамдық белсенділігінен сыр шертеді. Архивтік материалдар Алматы, Омбы, Қызылжар, Ташкент, Қазан қалаларынан жиналған. Соның ішінде ақынның 1923 жылы Ташкентте басылған жыр жинағының құндылығы жоғары. Ол ақынның туыстарынан алынған, Мағжанның қолы тиген асыл дүние...
Музейде жергілікті және алыстан келген ақын-жазушылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Облыстағы білікті басшылар басқаратын департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері де кейде ақын музейіне экскурсияға келеді. Қызметкерлерін патриоттық тәрбиелеуде елжанды ақынның өмірі мен ісі үлкен үлгі екенін түсінген ондай басшылар бір шеті Қызылжардан қалаған қызметкерлерін арнайы жеткізіп отырады. Соның бірін жуырда Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырыпты. Оның Булаев қаласындағы өрт сөндіру бөлімшесінің кезекшіліктен бос жасақтары бір автобус болып келіп, ақынның өмірімен тереңірек танысты. Жасақ жігіттері Мағжан өміріне байланысты сирек фотографияларға, ақынның өз қолымен жазылған қолжазбалары мен хаттарының көшірмелеріне, алғашқы кітаптарына, үлкен әріптермен жазылып қойған өткір, рухты сөздеріне үңіліп, үлкен ләззат алғандары сезіліп тұрды.
Солтүстік Қазақстан облысы,
М.Жұмабаев ауданы
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 20:42
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар