Әлем • 17 Тамыз, 2021

АҚШ ауған босқындарына 500 миллион доллар бөлетін болды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Джо Байден Ауғанстаннан келген босқындарға көмек көрсету үшін 500 миллион долларға дейін қаражат бөлуді бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ ауған босқындарына 500 миллион доллар бөлетін болды

Фото: EPA

Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланған меморандумда айтылған.

Құжатта қаражат Ауғанстандағы жағдайға байланысты тәуекелге ұшыраған «босқындардың, жанжал құрбандарының және басқалардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруға» бағытталуы тиіс делінген.

Шығындарды босқындар мен қоныс аударушыларға жедел көмек көрсету мемлекеттік қоры төлейді. Сонымен қатар АҚШ-тың арнайы иммиграциялық визасын алуға үміткер азаматтарға көмек көрсету жоспарланған, деп хабарлайды REN.tv.

Бұған дейін Байден АҚШ әскерлеріне көмектескен Ауғанстан азаматтарын эвакуациялау үшін 100 миллион долларға дейін қаражат бөлуді бұйырған.

Еске салайық, Американың Мемлекеттік хатшысы АҚШ Ауғанстандағы мақсатына қол жеткізгенін айтқан болатын.