Қазақстан • 17 Тамыз, 2021

Халық санағы үшін қанша қаражат бөлінді?

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағына қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Халық санағы үшін қанша қаражат бөлінді?

Айдапкеловтың айтуынша, биылғы халық санағы 2009 жылғымен салыстырғанда 2,6 есе арзанға шығады. Оған себеп - заманауи технологиялар қолдану.

«2018 жылдан 2023 жылға дейінгі бесжылдық кезеңге халық санағын жүргізуге бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде санақ қызметкерлеріне 4,7 млрд теңге төленді. Осы кезеңде 32 313 адам жұмысқа орналастырылады. Биыл бір адамға жұмсалатын шығын 1,1 АҚШ долларын құрайды. 2009 жылғы ол 2,9 АҚШ доллары болған еді», деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта барлық санақ жүргізушімен ақылы қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалып жатыр.