Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Қуаттың қымызы – қуатты қымыз

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Негізі, Шығыс өңірі есіл бай­лықтың бел ортасында отыр. Же­місі самсап тұрған нуы, балығы тайдай тулаған суы бар. Балы мен қымызы, бұғысының мүйізі – бренд. Жарқыраған жарнама­сы болмаса да, бұл өнімдердің қаны жерге тамбайды.

Қуаттың қымызы – қуатты қымыз

 Қымызды айтамын, бұрын бағаламаушы едік, соңғы жыл­дары литрлеп ішетін бол­дық. Бие байлап отырған қымыз­шы­лардың арасында да бәсеке арт­ты. Бірінікі бірінікінен дәмді. Әлемді індет жайлағалы сау­мал­ға да сұраныс көбейген. Бә­се­ке демекші, өскемендіктер Ка­тон­ның қымызын іздеп ішсе, катон­қарағайлықтар Қуаттың қы­мызы қызулы деседі. Қуат Амангелдіұлы Жаңаүлгі ауы­лы­ның бас жағында бие сауып, қымыз ашытып отырғалы бес жылдан асты. Қымыз дәмінің ерекшелігі биесінде ме, иесінде ме, бізге беймәлім. Біреулер күбісін қызыл қайыңмен ыстайды дейді, енді бірі қорды жақсы сақтайды деп болжайды. Бизнес болған соң, құпиясын ешкімге тіс жарып айтпауы заңдылық.

Айта кетейін, бәлен қымызға бәлендей жарнама жасаудан аулақпыз. Жарнамасыз да қара күз­ге дейін қымыз саудасы қы­зады. «Сауға – қуат, ауруға – ем».

Жаңаүлгі ауылының өр жа­ғындағы жалғыз үйден ала жаз­­дай адам аяғы арылмай­ды. Аула­сына ақшаңқан киіз үй ті­гіл­ген. Келімді-кетімді қонақ­тар сон­да кіріп, сапырылған са­ры қы­мыздан ауыз тиеді. Олар­ды құрақ ұшып қарсы ала­тын Мер­гүл Талаптанова – ауыл­дық мек­­­тепте тәрбие ісінің мең­геру­шісі. Кезекті еңбек демалысы ке­зінде шаруашылықтың басы-қасында жүріп, бие сауады. Ұл­дары Нұртас пен Нұртай да әке-шешесінің қолқанаты. Сауын бие­лерді қайырып келу, құ­лын тарту секілді жұмыстар Нұр­тас­тың мойнында. Күбі пісуге де әбден машықтанып алған. Жал­пы, Катонқарағай өңіріндегі ба­лалардың көбі еңбекпен біте қай­насып өседі.

– Былтырдан бері саумал ішу­ге келетіндер көбейді. Кейде қымызға артылмай қалады. Елге қызмет көрсетіп отырған соң, көпшіліктің көңілінен шығуға тырысамыз. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, отбасымызбен бірлесіп, жаздай сауында жүреміз, – дейді Мергүл Бейбітқанқызы сырлы шелектегі саумалды күбіге құйып жатып.

Ағаш күбісі киіз үйдің ірге­сінде құрақ көрпемен қымтаулы тұр. Тегі бір температураны ұс­тауы керек шығар. Ал үйдің ішкі жабдықтары – Мергүлдің өз ең­бегі. Қолы қалт етсе ою ойып, құ­рақ көрпе, қыз жасауларын тігеді.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45