21 Қаңтар, 2014

Өңірлерді өрісті істер күтеді

263 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Мемлекет басшысының таяудағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына орай брифинг өткізді.

 

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Мемлекет басшысының таяудағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына орай брифинг өткізді.

Оған министрдің екі орынбасары Қ.Өскенбаев пен С.Жұ­манғарин де қатысып отырды. Өңірлік даму министрі Жол­­дау­дың маңыздылығын тілге тиек етіп, оның бірқатар бөлім­деріне арнайы тоқталып өтті. «Жолдауда кәсіпкерлікті дамы­туға басымдық берілген. Әсіресе, орта және шағын бизнеске қол­дау көрсетіп, оның өркен жаюы­на мүмкіндік жасау шарасы пы­сық­талған. Ол үшін Өңірлік даму министрлігі бірқатар істерді қол­ға алып, жүзеге асыру жолдары қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, Парламентке «Рұқ­саттар мен хабарламалар туралы» заң жобасы енгізілді. Ол бойынша 9 кодекс пен 74 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Нәтижесінде жағымды бизнес-ахуал орнығады деген үміт бар», деді Б.Жәмішев.

Министрдің сөзіне қарағанда, кәсіпкерлердің еркін жұмыс істеп, шаруасын кеңейтулеріне көптеген тексерулер мен кедер­гілер бар көрінеді. Ондай келең­­сіздіктердің жолын кесу ша­ра­лары өзгертілген жә­не то­лық­тырылған заңда қарас­ты­ры­лыпты. Ендігіде барлық рәсім­дер мен талаптар Үкімет қаулы­лары­ның деңгейінде бекітілетін бола­ды екен. Мұнымен қа­тар, кәсіпкерлік қызметті мем­ле­кет­тік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы да жаса­лыпты. Енді оны бекіту мақ­сатында Мемлекет басшы­сы Жарлығының жобасы әзір­леніпті. Осынау заңдар мен тұ­жырымдамаларды дайындауға аталған министрлікпен қатар, жауапты ведомстволар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да атсалысыпты.

– Министрліктің қазіргі ат­қарып жатқан жұмыстарының бәрі Елбасының аталған Жол­дауы­нан көрініс тауып жатқа­ны­на өздеріңіз көз жет­кізіп отыр­сыздар. Мемлекет бас­шысы 2050 жылға қарай Қазақ­стан халқының 70 пайызы қалаларда тұратынын айтты. Мәселен, біздің елге гео­графиялық жағынан ұқсас Авс­тралия мен Канадада солай. Бұйырт­са, қазіргі қолға алып жат­қан жұмыстарымыз жемісті бол­са, болашақта халықтың 35 пайы­зы тұрғындары 2 миллионнан асатын қалаларда тұруы тиіс. Елба­сы айтқандай, бұл орындалмас арман-қиял емес, әрекет еткен қандай да қоғам қол жеткізе алатын нақты мақсат, деді министр.

Мемлекет басшысының Жол­дауында жүктелген тапсырмалар мен ұсыныстардың Өңірлік даму министрлігіне қарастыларын то­лық саралап, оларды орындау жолдарын баяндаған Б.Жә­мі­шев, журналистердің қойған сұрақтарына да жауап берді.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар