Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас ер адам түн жарымда белгісіз біреудің ауласында тұрған «Toyota Ipsum» автокөлігін заңсыз айдап кеткен.
«Атырау қаласының 48 жастағы тұрғыны көлігінің ұрланғанын келесі күні біліп, полиция бөлімшесіне келіп, арыз жазды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, 3 сағаттың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні іздеп тапты. Мас күйде болған 34 жастағы тұрғын заңсыз әрекетке барғанын мойындады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті заңсыз айдап кету) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бөтеннің көлігін ұрлаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.