Цой эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыруды қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясына шалдығу әрі өлім-жітім өсіміне жол бермеу мақсатында «қызыл» және «қоңыр қызыл» аймақтарда тұрған өңірлерде демалыс күндері локдаун сақтауды ұсынды.
Сонымен қатар мониторингі топтарының жұмысын күшейту, вакциналауға жататын халықты вакцинамен қамтуды арттыру, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту, кәсіпкерлердің өтінімдерін ескере отырып, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін критерийлерді соңына дейін аяқтауды ескертті.