Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Атырауда шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсат кері қайтарылды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсат кері қайтаруға шешім
қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсат кері қайтарылды

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мамандары шетелдік
жұмысшылардың мамандығы бойынша берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда жұмыс істегенін анықтап отыр.

«Мәселен, 2019 жылы 180 шетелдік жұмысшы мамандығы бойынша берілетін рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда қызмет атқарған. Ал, 123 шетел азаматының білімі атқаратын лауазымына сәйкес еместігі анықталды. Былтыр шетелдік жұмыс күшін тарту заңдылығын сақтауға байланысты екі компанияда жүргізілген тексерудің нәтижесінде 1 шетелдік жұмысшының берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда жұмыс істеп келген. Биыл профилактикалық бақылау және қадағалау арқылы тексеріс нәтижесінде 3 шетелдік жұмысшының тиісті заңдылықты бұзғаны белгілі болды», дейді басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Мұханова.

Сол себептен, шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсаты кері қайтарылды.