«Бұл акция 2008 жылдан бастап Елбасының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы жыл біз үшін оңай болмады, осы арада әлеуметтік осал санаттағы алматылық оқушыларға қоғам және партия белсенділері мен меценаттарды тарта отырып жәрдем жасалмақ», деді Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Бисембаев.
Биыл қайырымдылық акциясы Nur Otan партиясының белсенділері мен қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен өткізіледі. Партияның қалалық филиалы алматылық оқушыларға мектепке қажетті құралмен жабдықталған 3000-ға жуық сөмке табыстайды.
Жаңа оқу жылына арналған сыйлықтар тұрғындарға санитарлық ережелерді сақтай отырып, біртіндеп беріледі.