Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Биыл Алматының 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтылады

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Алматының 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтылады

Д. Қырықбаевтың айтуынша, бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жандардың кезегінде 30 880 азамат тұр. Оның ішінде: 1 908 – жетім балалар; 3 268 – көпбалалы отбасылар; 11 292 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері; 14 412 – халықтың әлеуметтік осал топтары.

«Жыл басынан бері 1 909 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 41 адам коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алды, яғни жалдамалы, сатып алу құқығынсыз, 1117 - «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 13 миллиард 500 млн теңгеге жуық, тағы 85 адам - «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша (2-10- 20) 118 млн 400 мың теңгеге және 666 адам «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша (5-10-25) 8 миллиард 800 миллион теңге сомасында», деді Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы. 

Д. Қырықбаевтың айтуынша, биыл 6 047 алматылықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде 1 451 адам жалдамалы баспанаға сатып алу құқығынсыз көше алады, кезекте тұрған 401 адамға пәтер сатып алу құқығынсыз жалға (185 - көпбалалы отбасылар; 216 - халықтың әлеуметтік осал топтары) беріледі. Жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастар үшін 1 050 пәтер сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілді, 35 жасқа дейінгі «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1 000 пәтер.

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шаңырақ», «Бақытты отбасы», «Несиелік тұрғын үй» жеңілдік несиелік бағдарламалары бойынша бастапқы төлем үшін номиналы 1 миллион теңгені құрайтын 2 000 қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын беру туралы шешім қабылданды», деді Д. Қырықбаев.

Тұрғын үй сертификаты жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, мүгедек баласы бар отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге беріледі. Айта кетерлігі, 2 шілдеден 17 тамыз аралығында 127 өтінім қабылданып, мақұлданды.