21 Қаңтар, 2014

Серпінді өркендеудің басты темірқазығы

176 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биыл­ғы Жолдауының стратегиялық маңы­зы айрықша. Өйткені, осынау стра­тегиялық құжат іспеттес Жолдауда өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін және оның жолдарын нақты белгілейтін кешенді бағдарлама ұсынылып отыр. Қоғамдық өмірдің түрлі саласын қамтып, ғылым, бі­лім және жастар мәселесі ерекше орынға қойылған. Әсіресе, ел­дің экономикалық келешегіне төмен­дегіше талдау жасайды. Мәселен, ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем етпеудің жос­пары белгіленуде. Ал экономиканың нақты секторына салынатын инвес­тицияның көлемін бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту бүгінгіден де маңыздырақ болмақ.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биыл­ғы Жолдауының стратегиялық маңы­зы айрықша. Өйткені, осынау стра­тегиялық құжат іспеттес Жолдауда өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін және оның жолдарын нақты белгілейтін кешенді бағдарлама ұсынылып отыр. Қоғамдық өмірдің түрлі саласын қамтып, ғылым, бі­лім және жастар мәселесі ерекше орынға қойылған. Әсіресе, ел­дің экономикалық келешегіне төмен­дегіше талдау жасайды. Мәселен, ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем етпеудің жос­пары белгіленуде. Ал экономиканың нақты секторына салынатын инвес­тицияның көлемін бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту бүгінгіден де маңыздырақ болмақ.

Тәуелсіз еліміздің әлемдегі 30 ел­дің қатарына кіру мақсаты қойылып отырған сәтте экономиканың ғылы­ми қамтымды моделін енгізудің қажет­тілігі Қазақстанның экспорттық әлеуетіне оң әсер етуі тиіс. Себебі, экспортқа шығарылатын сапалы өнімдердің арасында шикізаттық емес өнімдер үлесі 70 пайыздық дең­гейге жетуі керек. Сонымен бірге, экономиканың жоғары техноло­гиялық жаңа салаларын құру ғылым­ды қаржыландыруға басым бағыт берілуімен құндылығы арта түс­пек. Елбасы осы орайда ғылымды қар­жы­ландыруға бөлінетін қаржыны ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды ұсын­ды. Бұл отандық ғылымның дамуы­на, жаңа идеяларды ұсынатын ға­лым­дардың жаңашыл істеріне сер­пін береді деген сенімімізді нығайтып отыр.

Біз әлі де энергияны үнемдеуге бет бұра алмай келетініміз жасырын емес. Елбасы бүгінгі нарықтың дәуірінде үнемшіл болуды ұдайы айтып келеді. Биылғы Жолдауда да ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайтудың маңыз­дылығына тоқталды. Үнемшілдік болмаған жерде өнім өндірушілердің өзіндік құны арта беретінін, әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдері мық­тап түсінетін кез жетті. Қазір бұл сала өкілдері ішкі жалпы өнім­нің 20 пайызын ғана өндірумен шек­теліп қалып отыр. Енді шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің кемінде 50 пайызын өндіруі тиістігіне назар аударылып отыр. Әрине, энергия тұтыну ауқымын кемінде 2 есеге азайта алсақ, бұл еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыруға ықпал етеріне күмән жоқ.

Елімізде әлеуметтік саланы жақ­сартудың кешенді жоспары ке­зең-кезеңімен іске асырылып ке­ле­ді. Нақ осы саланы одан әрі дамы­тудың 2050 жылға дейін басты бағ­дарларында ішкі жалпы өнім көле­мі жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың доллар­ға дейін арттырылмақ. Демек, бұдан халықтың басым бөлігін әлеу­мет­тік тұрғыдан қолдайтын кешенді бағдарламалардың іске асырылатыны анық байқалады. Мұның астарында мемлекеттің қуаттылығы елі­міздің әр аймағында тұрып жатқан ха­лықтың әлеуметтік тұрмысымен өлшенетіні аңғарылып тұр.

Осы бағытта елімізде игілікті іс­тер атқарылуда. Атап айтқанда, қа­ла мен аудандарда балабақшалар салынып және жаңа мектептердің құрылысы аяқталып, жолдардың күрделі жөндеуден өтуі айрықша қуантады. Болашағымыз жастарға да көңіл бөлініп, олардың әлеуметтік мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Мәселен, Атырау облысында жастардың баспана мәселесін шешудің тиімді жолдары белгіленіп, «Жас отау» бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Студенттердің жол ақысы жеңілдіктері қарастырылып, бұл мәселе де өз шешімін тапты.

Елдің экономикасын дамытуға, Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыру барысында бүгінгі жастардың шетелдерде академиялық ұтқырлық арқылы білім алуына жағдай жасалуда. Соңғы екі жылда жүздеген студенттер мен магис­трант­тар және оқытушылар «Болашақ» бағдарламасы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қолдауы арқылы өз білімдерін Еуропаның ірі университеттерінде жетілдірді. Бұл үдеріс Болон декларациясына сәйкес тұрақты жүргізіледі.

Білім беру ісіндегі тәрбиенің орны қай кезде де маңызын жоймайды. Өйткені, білім беру ісі пат­рио­тизм, адамгершілік, рухани да­му, заңға бағынушылық сияқты құн­­­ды­лық­тармен астаса жүруі керек екен­дігі қоғам тарапынан қол­дау тауып отырғанын айтуымыз ке­рек. Айтылғандардың бәріне нем­құ­рай­лықпен қарамай, тәрбие ісінде ұсақ-түйек болмайтындығын барлығымыз жете түсініп, ата-ана, қоғам мүшесі ретінде көзқа­ра­сы­мызды айқын танытып, жастары­мыздың бойына адами құндылық­тарды сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында да жастарға тәрбие беру жұмысын күшейту талап етілді. Білім беру мекемелері маман даярлаумен қатар, оның сегіз қырлы, бір сырлы, ерік-жігері мықты, елін, жерін қастерлейтін, алда тұрған асуларды қиналмай алуға қабілетті адам тәрбиелеуге міндетті. Сондықтан, біздің алдымызда тәрбие жұмысын түбірінен қайта құру міндеті тұр. Университетімізде жастар тәрбиесі саласында да тындырылған істеріміз аз емес. Жастарға патриоттық тәрбие беру және жемқорлықпен күрес жөнінде жасалған арнайы бағдарламаларға сәйкес әрбір факультет пен кафедра ұжымы қыз-жігіттердің ой-өрісін кеңейту, отан­сүйгіштік сезімін күшейту, пара­қорлықтың алдын алу жолында тұрақты жұмыс істеп келеді. Жол­дауға сәйкес бұл бағдарламаларға өзге­рістер мен толықтырулар енгізіп, жұмы­сымыздың мазмұнын жаңа шаралармен байыта түспекпіз.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәр­бие беру отбасынан, бала­бақ­ша­дан және орта мектептен бас­тау ала­ды. Елбасының Жолдауда осы мә­се­леге және бір рет көңіл аударуы қо­ғам­дағы сенімділікті нығайтып отыр. Себебі, қоғамның аса маңызды құн­­дылықтарының бірі – білім. Жал­пы, биылғы Жолдауды елімізді сер­пін­ді, екпінді өркендетудің бас­ты те­мір­қазығын айқындап берген стра­те­гиялық құжат ретінде баға­лауға болады.

Бейбіт МАМРАЕВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің ректоры, филология

ғылымдарының докторы, профессор.