Тағайындау • 18 Тамыз, 2021

Қосшы қаласында алғашқы прокурор тағайындалды

696 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосшы қаласында алғашқы прокурор тағайындалды

Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған.

Қызмет жолында Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы – Аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Еске салсақ, 27 шілдедегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлығына сәйкес Қосшы ауылы облыстық мәртебесі бар қалаға айналды.