Спорт • 18 Тамыз, 2021

«Астана» футбол клубының жаңа бас директоры тағайындалды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі жарым ай бұрын «Астана» футбол клубының бас директоры болып тағайындалған Давид Лория қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана» футбол клубының жаңа бас директоры тағайындалды

«Астана» футбол клубының құрылтайшысы - туризм және спорт индустриясын қолдау қорының шешімімен бас директор қызметіне қазақстандық функционер Тастанбек Құтжатұлы Есентаев тағайындалды», деп мәлімдеді «Астана» ФК баспасөз қызметі.

Тастанбек Есентаев Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық орталығын басқарған.