21 Қаңтар, 2014

Құлсары балаларының қуанышы

363 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

01-Кульсары школа дети 1Атыраудағы ең ірі ауданның бірі – Жылыой. Осы ауданның аумағындағы «Қарашүңгіл» кен орнынан бұдан 115 жыл бұрын қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған. Содан бері жы­лы­­­­ойлықтар «қара алтын» се­лін әлі тасытып келеді. Еліміз тә­­­­уел­­сіздік алған тұста осындағы «Теңіз» кен орнын игеру үшін алғаш­қы инвестор – «Шеврон» корпорациясының бірлескен кәсіпорыны құрылды. Қазір атал­ған кен орнында осы ауданның тұрғындары да жұмыс жасайды. Елу бес мың тұрғыны бар аудан орталығы – Құлсарыға шағын қала мәртебесі берілді. Міне, осының бәрі жылыойлықтардың тәуелсіз ел ертеңіне деген сенімін нығайта түскені даусыз.

 

01-Кульсары школа дети 1

Атыраудағы ең ірі ауданның бірі – Жылыой. Осы ауданның аумағындағы «Қарашүңгіл» кен орнынан бұдан 115 жыл бұрын қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған. Содан бері жы­лы­­­­ойлықтар «қара алтын» се­лін әлі тасытып келеді. Еліміз тә­­­­уел­­сіздік алған тұста осындағы «Теңіз» кен орнын игеру үшін алғаш­қы инвестор – «Шеврон» корпорациясының бірлескен кәсіпорыны құрылды. Қазір атал­ған кен орнында осы ауданның тұрғындары да жұмыс жасайды. Елу бес мың тұрғыны бар аудан орталығы – Құлсарыға шағын қала мәртебесі берілді. Міне, осының бәрі жылыойлықтардың тәуелсіз ел ертеңіне деген сенімін нығайта түскені даусыз.

Ал өткен аптада Жылыой ауданының тұрғындарын, әсіре­се, мектеп оқушыларын үлкен қуанышқа кенелткен жаңа мектептің тұсауы кесілді. Олай дейтініміз, осы кезге дейін қой­науынан «қара алтын» үздіксіз тонналап алынса да, бұл ауданда мектептің аздығы алаңдататын. Сол себептен, осы кезге дейін Құлсары қаласының оқушылары осындағы мектептерде үш ауысыммен оқуға мәжбүр еді. Енді Құлсары қаласының оқу­шылары сол қиындықтан құ­тыл­ды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылған жаңа мектептің құрылысын «Мұнай Құры­лыс Сервис ЛТД» ЖШС жүргізіпті.

Жаңа мектептің ашылуы осындағы үш ауысыммен оқы­татын №9 орта мектептің жұмысын жеңілдетті, дейді білім ордасының директоры Досмұхан Ілиясов. Бұдан былай бұл мектепте №20 орта мектептің оқушылары оқитын болды. Осылайша, жаңа мектепте 466 оқушыны 36 мұғалім ілім-білімге баулиды. Мұндағы сынып кабинеттері заман талабына сай, үш сыныпта интерактивті тақта орнатылыпты. Екі лингофондық-мультимедиалық, сонымен бір­­ге, 48 жаңа компьютермен жаб­­дықталған кабинеттер бар. Бас­тауыш сыныптардың 217 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылғалы отыр.

– Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев халыққа жыл сайынғы жол­­дауларында білім саласы мен оның сапасына үлкен көңіл бө­ліп келеді, – деді мектептің ашылу салтанатында облыс әкі­мінің орынбасары Шыңғыс Мұқан. – Жаңа мектептің ашылуы елдің болашағына қа­ланған мықты іргетас. Жаңа білім ордасы «№8 орта мектеп» деп аталады. Сегіз саны – мәңгіліктің, шексіздіктің, кеңдіктің белгісі. Мектептің ма­қ­саты – мәңгі, жас ұрпақтың алар білімі шексіз болсын!

Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасовтың айтуынша, бұрынғы №20 орта мектептің ескі ғимаратын 140 орындық бала­бақшаға айналдыру көзделіп отыр. Алдағы көктемде іске қосылатын балабақшаға «Айналайын» атауы берілмек.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы,

Жылыой ауданы.

–––––––––––––––––

Суретті түсірген

Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.