Әлем • 19 Тамыз, 2021

Өзбекстанда ауған босқындарына арналған шатыр тігілді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан шекара маңына шатыр тігіп, 150-ге жуық ауған босқынын уақытша орналастырды, оның ішінде 17 әйел мен балалар бар, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстанда ауған босқындарына арналған шатыр тігілді

Фото: Sputnik / Рамиз Бахтияров

Sputnik Өзбекстанның жазуынша, лагерь күзетіледі, ал дәрігерлер мұқтаж жандарға көмектесіп жатыр.

Босқындар коронавирусқа тексерілді, инфекция жұқтырғандар анықталмады.

Сонымен қатар босқындар үшін тамақтануға жағдай жасалғаны, ең қажетті заттармен қамтамасыз етілгені айтылды. Олардың бұл жерге қай уақытқа дейін орналастырылғаны, алдағы тағдыры туралы әлі хабарланған жоқ.

Дереккөзге сәйкес, Өзбекстанға ұшақпен келген Ауғанстан армиясының 650-ге жуық қызметкері жергілікті әскери полигон маңындағы ковид орталығына уақытша орналастырылған.