Әлем • 19 Тамыз, 2021

15 мыңнан астам мекеме вакцина алуға міндеттелді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті қарттар үйлерінің барлық қызметкерін COVID-19 вирусына қарсы вакцина алуға міндеттейтін жаңа ереже әзірлейді, деп жазады Egemen.kz.

15 мыңнан астам мекеме вакцина алуға міндеттелді

Фото: AFP

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың жазуынша, АҚШ-та қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған әлеуметтік мекемелер қаржылық қолдаудан айырылады. Қарттар үйлері мен мүгедектерге күтім жасау орталықтары федералды бағдарламаларға қатыса алмайды.

АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті Medicare және Medicade бағдарламаларына қатысу үшін қарттар үйлерінің барлық қызметкерін COVID-19 вирусына қарсы вакциналауға міндеттейтін жаңа ереже әзірлейді.

Осы Қағида 1,3 млн-ға жуық қызметкер жұмыс істейтін 15 мыңнан астам әлеуметтік мекемеге қолданылады.