Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, бірінші сыныпқа баратын 14 241 баланың құжаты қабылданған.
«Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау жаңа форматта – электронды үкіметтің сайты арқылы ұйымдастырылды. Құжаттардың 98%-ы электронды, ал, 2%-ы қағаз түрінде қабылданды. Өйткені, ата-аналардың немесе балалардың құжаттарында қателіктер анықталды. Облыста 14 241 бала 1-сыныпқа қабылданды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын оқушылар үшін 1 қыркүйекте ашық ауада санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес салтанатты жиын болады. Баланың қасында ата-анасының тек біреуі ғана жүре алады. Отбасының басқа мүшелері қатыса алмайды», дейді Айнагүл Дүйсекенова.