Елорда • 19 Тамыз, 2021

Есіл өзеніне батып кеткен қыздың денесі табылды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінде бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есіл өзеніне батып кеткен қыздың денесі табылды

18 тамыз күні кешке сағат 18:39-да елордалық 101 құтқару қызметінің пультіне Сарыарқа ауданы Аққорған көшесіндегі Есіл өзеніне батып кеткен қыз туралы хабарлама келіп түсті.

Төтенше жағдай орнына жедел түрде 4 құтқарушы мен 1 техника жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін қалыптасқан жағдайды бағалап, сүңгуірлер тобы өзен түбін зерттей бастады. Жөндеу жұмыстары, сондай-ақ су қоймасының батпақты және сазды түбі іздеу жұмыстарын қиындатты, сондықтан бұл жерде суға түсуге тыйым салынған. Құтқарушылар сағат 20:17-де сүңгуір жабдығының көмегімен судан 2008 жылы туған қыздың денесін алып шықты.

Шомылу маусымы басталғаннан бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 9 адам суға кетті, оның ішінде 5-уі бала. Қаза болудың барлық фактілері шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде тіркелген.

Шомылу маусымы басталғаннан бері қалалық полиция қызметкерлері тыйым салынған жерлерде жалпы су пайдалану - шомылу ережелерін бұзған тұлғаларға қатысты 563 әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, ТЖ департаментінің қызметкерлері еріктілердің қатысуымен өткен рейдтік іс-шаралар барысында 55 мыңнан астам ескерту парақшалары мен жадынамаларды таратты.

«Алайда, жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, белгіленбеген жерлерде халықтың суға түсу фактілерінің саны артуда. Әсіресе, балалар өлімінің фактілері басым», деді ТЖМ.