«19 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін Шаляпин көшесінің бойы, атап айтқанда Береговой мен Щепеткова көшелерінің аралығы жабылады», деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы.
Уақытша шектеу жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізілді.
Басқарма өкілдері тұрғындарды қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.