Қазақстан • 19 Тамыз, 2021

Қорғаныс министрі әскери теңізшілердің даярлығын пысықтауды тапсырды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе кеңістігін қорғау бойынша қызметтердің атқарылуын тексеру үшін теңіз жаяу әскерлерінің, арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің және әскери теңізшілердің жауынгерлік даярлығы жүріп жатқан оқу алаңдары мен полигондарға барды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі әскери теңізшілердің даярлығын пысықтауды тапсырды

Ақтау авиабазасында Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы майдандық авиация жауынгерлерінің кезекшілік атқару тәртібі, әскери бөлім инфрақұрылымы мен объектілерін күзету жағдайы туралы баяндады.

Тексеріс барысында қорғаныс ведомствосының басшысы бағынысты әскерлердің жауынгерлік оқуын ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарды тыңдады.

к

Қорғаныс министрі соңғы уақыттағы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып енгізілген жаңа әрекеттер мен тактикалық әдістердің сапасын бақылады.

Сондай-ақ жоғары қарқындылықты, жеке құрамды сабақтармен 100 пайыз қамтуды және жауынгерлік даярлық процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқаулар берілді.

м