Көліктегі ПД хабарлағандай, 34 жастағы Алматы тұрғыны теміржол кәсіпорнының қызметкерін өлтіруге оқталған.
«26 шілдеде Алматы-1 станциясындағы ЛУП кезекші бөліміне көліктегі ЖКО белгісіз адам азаматты өлтіруге оқталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Атыс нәтижесінде Н. есімді ер адам дене жарақатын алды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіден «Наган» жүйесінің револьвері тәркіленді», деді полиция генерал-майоры.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.