Коронавирус • 20 Тамыз, 2021

АҚШ-та Қытайдан жіберілген 3 мыңнан аса жалған вакцинация сертификаты тәркіленді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласындағы шекара және кеден қызметкерлері, Қытайдан жіберілген 3000-нан аса жалған вакцинация сертификатын тәркіледі, деп хабарлайды  Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

АҚШ-та Қытайдан жіберілген 3 мыңнан аса жалған вакцинация сертификаты тәркіленді

Агенттік мәліметінше, құжаттардың сапасы нашар, бірақ олардың дизайны АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) шынайы сертификаттарына ұқсас. Кеденшілер заңсыз жүк салынған 150-ге жуық жолдаманы анықтады. Қытайдан жіберуші бір адам.

«Бұл жалған вакцинация сертификаттарын анықтау америкалықтар қауіпсіздігі үшін маңызды. Аляскадағы отандастарымызға деген қамқорлық. Біз мақтанышпен айтатын көп міндеттердің бірі», деді Анкоридж аймақтық порт директоры Лэнс Робинсон.

Анкоридждегі жергілікті порт директорының көмекшісі Кимберли Фернандестің айтуынша, жалған вакцинация сертификаттары АҚШ-тың Аляскадан басқа жерлеріне де жөнелтілген.