«Біз Алматыдан Ауғанстанға тікелей рейс жасау үшін келісімшарт жасай аламыз. Бірақ қазір бұл мүмкін емес. Дегенмен, халықаралық қызметкерлеріміз Ауғанстанға ұшып, бір-бірін ауыстырып отыруы үшін алдағы айларда осындай дәліз құра аламыз деп үміттенеміз. Бұл бізге Ауғанстандағы жұмысымызды жалғастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қызметкерлерді алмастырып отырар едік», деді Дебора Лионс орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
БҰҰ өкілі бұл мәселе жуық арада біржақты шешілуі мүмкін деген ой айтты.