22 Қаңтар, 2014

Сенімді өкілмен кездесті

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Президент Әкімшілігінде Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаровтың АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Дж. Ордвеймен кездесуі өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік, оның ішінде Иранның ядролық бағдарламасы мен Ауғанстаннан коалиция әскерінің шығарылуы, сондай-ақ, қауіпсіздік саласында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ) халықаралық ұйымы шеңберінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар