Аймақтар • 20 Тамыз, 2021

Ертең еліміздің 7 өңірінде аптап ыстық болады

1229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 тамызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Ертең еліміздің 7 өңірінде аптап ыстық болады

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күн 41 градусқа дейін ысып, өрт қаупі сақталады. Дәл осындай ыстық Орал қаласында да болады.

Ал Ақмола облысында 35 градус ыстық болады деп күтілуде.

Маңғыстау облысында 40 градус ыстық сақталады.

Қызылорда облысында күндіз солтүстік-шығыс, шығыс желдің күші 15-20 м/с болатын шаңды дауыл күтіледі. Өрт қаупі жоғары.