22 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Мо­йын­­құм ауданындағы це­мент зауыты қазір толық қуа­­тына шықты. Үдемелі ин­­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде салынған кәсіпорынға барлығы 34,9 млрд. теңге қаржы жұм­сал­ды. Кәсіпорын бүгінде 236 адам­ды жұмыспен қамтып отыр.

 

Жамбыл облысы Мо­йын­­құм ауданындағы це­мент зауыты қазір толық қуа­­тына шықты. Үдемелі ин­­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде салынған кәсіпорынға барлығы 34,9 млрд. теңге қаржы жұм­сал­ды. Кәсіпорын бүгінде 236 адам­ды жұмыспен қамтып отыр.

Ақмола облысы Степ­но­гор қаласындағы кү­кірт қышқылы зауыты жыл­дың екінші жартысында іске қосылады. Жылына 180 мың тонна өнім шығаруға лайық­танған өнеркәсіп орнының жобалық құны 12,23 млрд. теңгені құрайды.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында ша­ғын гидроэлектр стансасы­ салынбақшы. Ауданның Қара­қол су қоймасында қанат жаятын құрылым құрылысын Қытай фирмасы жүргізеді. Аймақта баламалы қуат көзін өндірудің бір нысаны болып табылатын станса 12 кәсіпорынды электр жарығымен қамтамасыз етеді.

Қызылорда облысы Қазалы ауданында­ индус­триялық-инновация­лық да­му бағдарламасы бойынша 2 жоба жүзеге асты. Өткен жылы ауданда жалпы 12 жоба Индустрияландыру картасына енгізілсе, солардың 9-ы қазір пайдалануға беріліп қойды.

Ақтау халықаралық әуежайына паркомат жүйесі орнатылды. Енді мұнда келген автомобильдер жолаушылар терминалы алаңында 15 минут қана тегін тұра алады. Одан арғы уақыттың бәріне тариф бойынша ақы төлейтін болады.

Ақтөбе облысының прокуратурасы маршруттағы «ГАЗель» көліктерін алып тастауды талап етуде. Осыған орай «Троллейбус паркі» АҚ үшін қала көшелеріндегі 46 бағытта жүрген осындай көліктердің орнына жайлы жолаушылар автобустарын шығару міндеті қойылды.

Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер

сайттарының материалдары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар