Білім • 21 Тамыз, 2021

Университет ғалымдарының кірісі ғылымды дамытуға жұмсалады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл шешім бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Директорлар кеңесінің шешімінде айтылды. Бұл туралы университет директорлар кеңесінің төрағасы Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Университет ғалымдарының кірісі ғылымды дамытуға жұмсалады

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Директорлар кеңесінің отырысын өткіздім. Кеңестің шешімімен алғаш рет ғалымдардың еңбегі арқылы қол жеткізілген барлық пайда басқарушылық құрылымды қаржыландыруға емес, ғылыми институттардың өздерін дамытуға жұмсалатын болды деп жазды сенатор өзінің парақшасында.

Нақтырақ айтқанда, институт кірісі сол институтты дамытуға жұмсалады.

Нақтырақ айтсақ, «2020 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 51, 907 млн теңге көлеміндегі, «Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агро-орман мелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің 27, 403 млн теңге сомасындағы және «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-нің 187, 406 млн теңге таза кірістері олардың иелігінде, өздерін дамыту мақсаттарына қалдырылсын» деген шешім шығарылды, деді Ақылбек Күрішбаев.