Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жолдауларынан жақсы үміт күтумен қатар, оны жақсы табыстармен қарсы алу менің басты мақсатыма айналған. Қазір төл төгіні науқаны болғандықтан теледидарды шопандар үйіне орнатып, Жолдауды кешкі жаңалықтардан мұқият тыңдадық. Өз-өзімізге есеп бердік. Бұдан да жақсы істеуге тиісті екендігімізді түсіндік.

Биыл мал қораларында 190 сиыр мен құнажын, 200 бас қой қыстауға қойылған. Бүгінгі күні сиырлардың жартысы бұзауласа, әр аналық қойдан орта есеппен бір қозыдан алып жатырмыз. Бұл азықтың молшылығы мен күтімнің жоғарылығының арқасы. Қазір ешкімді жұмысқа үгіттеудің қажеті жоқ. Әркім өз ісін біледі, тиянақтап орындайды.
Біз мал тұқымын асылдандыру бағытын ұстанудамыз. Қалтамызға қарап қарекет жасап жатырмыз. Қазақтың ақбас сиырларын, құйрықты еділбай қойларын сатып алып, өз төлімен көбейтіп келеміз. Былтыр бұқалақтарды 430-450 килограмдық, қойларды 20-25 килограмдық салмақпен етке өткізіп, айтарлықтай көтеріліп қалдық. Сұраныстың өсуіне қарай, Бурабай курортты аймағы мен Астана қаласында тұрақты тұтынушыларымыз қалыптасып үлгерді. Біз тапсырысты мүлтіксіз орындап, әріптестер көңілінен шығуды парыз санаймыз.
Мен алғашқы лектегі фермер болғандықтан біраз тәжірибе жинақтадым десе де болады. Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында болашақтың биік міндеттерін саралап көрсетіп берді. Әсіресе, Президенттің: «Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан, бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс», деген сөздері менің де күнделікті ойымда жүрген жағдайлар еді. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Биік бәсеке соны талап етуде. Мемлекеттің көмегімен сүйікті ісімді дамытуға кең мүмкіндік туғанына қуанамын.
Қуанышбек ЫБЫРАЕВ,
«Беке» шаруа қожалығының жетекшісі.
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы.