Әлем • 22 Тамыз, 2021

Гаитидегі жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мыңнан асты

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гаитидің азаматтық қорғаныс қызметі елдегі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 2207 адамға дейін өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гаитидегі жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мыңнан асты

«Бұған дейін жергілікті БАҚ 2189 тұрғынның қайтыс болуы туралы, сондай-ақ 12 мыңнан астам жараланғандар туралы жазған болатын», деп жазады «Российская газета».

14 тамызда Гаити жағалауында 7,2 баллдық жер сілкінісі болды. Апат кем дегенде 1,2 миллион жергілікті тұрғынға, оның ішінде 540 мың балаға әсер етті.