Қазақстан • 23 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады?

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыркүйекте бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады?

2021 жылдың тоғызыншы айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер болмайды.

Қыркүйекте бес күндік жұмыс аптасында 22 жұмыс күні және 8 демалыс күні бар.

Алты күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 26 күн жұмыс істеп, 4 күн демалады.

Айта кетейік, тамызда бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істеді, ал алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалып, 25 күн жұмыс істеген болатын.