Хоккей • 23 Тамыз, 2021

Хоккейден Қазақстан кубогы басталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы бәсекеге 12 команда қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден Қазақстан кубогы басталды

Prosports.kz таратқан мәлімет бойынша, 3 топқа бөлінген командалар алдымен өзара бәсекелесіп, мықтыны анықтайды.

Мәселен, «А» тобында қазір «Сарыарқа» мен «Теміртау» көш бастап тұр. Алғашқысы сырт айдында «Құлагер» командасын 4:2 есебімен жеңді.

Ал теміртаулық клуб күні кеше павлодарлық «Ертісті» ұтты. Қорытынды есеп – 6:2.

Дәл осылай «В» тобында «Арлан» мен «Бейбарыс», ал «С» тобында «Ақтөбе» мен «Торпедо» алда келеді. Ерекшелігі сол, соңғы матчтарда кемінде 7 шайбадан соғылып жатыр. Мәселен, «Торпедо» мен «Горняк» арасындағы матчта 4:3, «Алтай» мен «Бейбарыс» арасындағы мачта 0:7 есебі тіркелді. Жарыстың жалпы қорытындысы 26 тамызда белгілі болады.