Әлем • 23 Тамыз, 2021

Қырғызстан ауған азаматтарына виза беруді тоқтатты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Ауғанстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстан ауған азаматтарына виза беруді тоқтатты

Шектеу дипломатиялық және қызметтік визаларға қолданылмайды. Ауғанстаннан келген студенттерге виза беру мәселесі қарастырылуда.

Ел билігі Ауғанстанда уақытша жүрген қырғыз азаматтарын эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады.

«23 тамызда сағат 04.40-та Доха - Дубай - Бішкек рейсімен 11 азамат келді. Олар бұрын АҚШ ұйымдастырған арнайы рейспен Катарға көшірілген болатын. Елшілік жүргізген келіссөздердің нәтижесінде, жұмыс берушілер Қырғыз Республикасының азаматтарына авиабилет алып берді. 22 тамызда Қырғызстанның тағы бір азаматы Кабулдан Алматыға арнайы рейспен эвакуацияланды», деп хабарлады Қырғызстан СІМ.

Сонымен қатар АҚШ Ауғанстаннан әскери және босқындардың транзитін қамтамасыз ету туралы өтінішпен Қырғызстанға жүгінгені белгілі болды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.