Тағайындау • 23 Тамыз, 2021

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

934 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Ғайдар Қасенов Атбасар ауданының тумасы. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмәмдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған. 2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс»АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 27 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Ақмола облысының Целиноград ауданы одан облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.