Аймақтар • 24 Тамыз, 2021

ШҚО-да есірткі сатқан жалғызбасты ана ұсталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарының заңсыз айналымының дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да есірткі сатқан жалғызбасты ана ұсталды

Жалдамалы пәтерлерде тұрып, Telegram мессенджері арқылы «скорость»  және «меф» деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы әйелдер тобы құқық қорғау органдарының назарына түсті.

Жалғызбасты ана өзінің заңсыз әрекетін маусым айында бастаған. Біраз уақыттан кейін оның әпкесі де осы схемаға қосылған. Тінту барысында күдіктілерден шамамен 2000-нан астам бір реттік доза, яғни 700 грамм синтетика тәркіленді. Олардың «қара нарықтағы» бағасы 11 миллион теңгеден асады.

Балалар әйелдің жақын туыстарына тапсырылды.

«Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы шамамен 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 296 және 297 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.