«Халық санағын өткізу кезінде бүкіл ел бойынша 32 313 адам уақытша жұмысқа орналастырылады. Оның ішінде 6 мыңнан астамы маусым айында дайындық кезеңіне тартылған. Негізгі халық санағына 26 135 санақ персоналы жұмысқа тартылады. Өңірлерде интервьюерлерді жұмысқа арнайы құрылған комиссия алады. Жұмысқа вакцинациядан өткен азаматтар алынады және олар жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталады», деді бюро басшысы.
Оның айтуынша, 2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 9,1 млрд теңгені құрады.
«Оның жартысынан көбі, яғни 4,07 млрд теңге еңбекақыға жұмсалады. Қазіргі уақытта 3,5 млрд теңге игерілді», деді Нұрболат Айдапкелов.