23 Қаңтар, 2014

Елбасы Давос форумына қатысады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцария Конфедерациясына келді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Қазақстан Президентінің жыл сайын өтетін Давостағы форум жұмысына қатысуы, сондай-ақ, бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы халықаралық форумның ашылуына орай ДЭФ атқарушы төрағасы К.Швабтың атынан берілетін ресми кешкі асқа қатысты, оған мемлекет және үкімет басшылары, ірі халықаралық компаниялар жетекшілері шақырылған.

Соңғы жаңалықтар