Әлем • 24 Тамыз, 2021

Грекияда орман өртінен 3 адам қаза тапты

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияда жаңа өрт ошақтары тіркелді. Табиғат апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекияда орман өртінен 3 адам қаза тапты

Тілсіз жаумен мамандар Эвбея аралында арпалысып жатыр. Ақпарат көздері қызыл жалын Фигия ауылына жақындап қалғанын хабарлады. Құтқарушылар ондағы тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

Өртті ауыздықтауға қатты жел кедергі келтіруде. Мамандар өрттің шығуына аптап ыстық себеп болғанын айтады.