Елорда • 24 Тамыз, 2021

Биыл 400 бизнеске грант беріледі

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алу жөніндегі үміткерлер өтінішін қарау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сегіз үміткерге мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 400 бизнеске грант беріледі

Комиссия отырысында жартылай фабрикаттар өндірісі, кондитерлік өнімдер, киім тігіні, сұлулық салондарының қызметтері секілді түрлі бағыттағы кәсіптер қолдау тапты.

Мемлекеттік грант алуға үміткерлер: жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты аясында оқуын аяқтаған адамдар.

Айта кетейік, жыл соңына дейін жалпы саны 400 мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Ал бүгінге дейін 363 өтініш қолдау тапты. Биылғы гранттың ең жоғарғы мөлшері – 200 АЕК (583 400 теңге).

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше