Оқиға • 24 Тамыз, 2021

Қостанай қаласында ірі жол апаты болды

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда төрт көлік соқтығысты, деп хабарлайды деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай қаласында ірі жол апаты болды

Өңірдегі Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 15:00-де болған.

«Бүгін сағат 15:00-де Алтынсарин-Наримановская көшелерінің қиылысында жол апаты салдарынан төрт автокөлік соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Киа Рио» автокөлігінің жүргізушісі Алтынсарин көшесіне қарай бет алған. Солға бұрылмақ болған кезде көлікпен соқтығысқан, сонан соң оның артында келе жатқан тағы екі көлік соқтығысқан», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.