Аймақтар • 24 Тамыз, 2021

Алматылық жігіт танысын пышақтап тастады

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында кісі өлтіруге оқталған 20 жасар жігіт ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық жігіт танысын пышақтап тастады

21 тамызда Еңбекшіқазақ АІЖ кезекші бөліміне аудандық орталық ауруханадан Жетіген кентінің 41 жастағы тұрғынын пышақ жарақатымен ауруханаға жатқызғаны туралы хабар түсті. Жәбірленуші өзінің ауыр жағдайына байланысты оқиға жөнінде жауап бере алмады.

Оқиға куәгерлерінің көмегімен күдіктінің жеке басы анықталып, келесі күні ұсталды. Күдікті жасаған ісін мойындап, автокөлік сатқан әріптестерінің үйінде ішімдік ішкенін түсіндірді. Ішімдікке масайған ер адамдардың арасында жанжалдың болғаны анықталды. Жәбірленуші ұйықтап жатқанда, күдікті оны бірнеше рет пышақтап, оқиға орнынан қаша жөнелген. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.