Өз еліңде террористік топ жоспарлаған және тапсырма берген шабуылдан 3 мыңнан астам адам қаза тауып, аталған ұйым мекендеген елдің билігі ынтымақтастық танытып, топ пен олардың басшыларын жауапқа тартуға келіспегенде басқа амалың қалмайды. Ауғанстанға жауап ретіндегі шабуыл Солтүстік Атлантика келісімшартының 5-бабына сәйкес жасалған жалғыз әскери іс-қимыл. Құжатқа қол қойған тараптар бір елге жасалған шабуыл бүкіліне жасалған қастандық деп санады. Америка Құрама Штаттары бастаған шабуыл кеңінен қолдау тапты. Екі жылдан кейін Иракқа басып кіруден айырмашылығы сол, оны тек бірнеше ел айыптап, қарсы болды.
Осындай себептерге байланысты 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 20 жыл толуы әдеттегіден де қайғылы өтпек. Сол күнгі қорқынышты естеліктерімен қатар Ауғанстандағы жиырма жылдық сәтсіздіктің ауыр сезімі бар. Еркін және гүлденген елде өмір сүруге болатынына сенім білдірген бүкіл ауғандықты сатып кетіп, Американың, НАТО-ның және президент Джо Байденнің халықаралық аренадағы сеніміне орасан зор нұқсан келді. Бірақ айыптаушылардың көбі Ауғанстанда жүзеге асқан және жасалмаған нәрсеге сын айтса да, 2001 жылдың қыркүйегінен бергі нағыз сәтсіздік аймақтық сипатқа ие. Бұл сәтсіздіктің себебі Пәкістанда жатыр.
Президент Джордж Буштың 2001-2002 жылдардағы сыртқы саясаттағы баяндамаларын жазған Дэвид Фрум егер АҚШ бастаған шабуыл 2001 жылдың желтоқсанында аяқталып, Усама бен Ладенді өлтіріп, не тұтқындап үлгергенде, Американың Ауғанстанға басып кіруі басқаша аяқталуы мүмкін екенін айтады. Әскер елден тезірек кетіп, бүкіл міндет жаңа ауған үкіметіне беріліп, АҚШ ұзақ мерзімді міндеттеме алмайтын еді. Біз бұл айтылғандар қаншалықты орындалатынын ешқашан біле алмаймыз. Бірақ оның пікірі Ауғанстандағы соғыстан кейін назардан тыс қалған мәселені көрсетеді.
Он жылға жуық уақыт бойы, 2011 жылы АҚШ арнайы күштері өлтіргенге дейін, бен Ладен Ауғанстан үкіметінің құзыретін жүргізу қиынға соғатын тайпалық аймақтарда емес, Пәкістанда жасырынды. Ол ел астанасы – Исламабадтан небәрі 120 шақырым жерде, Пәкістан әскери академиясы орналасқан орташа қала – Абботтабадты мекендеді.
Сонымен қатар кейбір «Талибан» басшысы биліктен қуылғаннан кейін Қатарға көшті, Пәкістанның қызметтераралық барлау агенттігінің қолдауымен және мақұлдауымен олардың көпшілігі аталған елге келді. Былтыр Дональд Трамп әскерді шығару жөнінде келісім жасасқан «Талибанның» оппозициялық топ ретінде өмір сүруі, негізінен, Пәкістанның қолдауына байланысты.
АҚШ-тың 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі ең үлкен сәтсіздігі – Ауғанстанмен шекаралас жатқан мемлекеттердің – Иранның, Қытайдың, Ресейдің, Орталық Азияның бес мемлекеті мен Үндістанның келісіміне, ең бастысы Пәкістанның ұзақ мерзімді қолдауына қол жеткізе алмауы. Әрине, олардың кейбірі ешқашан қолдамайтыны анық. Бірақ Пәкістан ұзақ уақыт бойы америкалық тараптан әскери және басқа да көмек алып отырды. «Қырғи қабақ соғыс» кезінде АҚШ-тың одақтасы саналды. Аталған елдің Қытаймен ауыз жаласуы, ядролық қару бағдарламасына қытайлықтардың қолдау көрсетіп, технологиясымен бөлісуі АҚШ тарапынан ауылын алшақ қондырғанының белгісі ретінде көрінуге тиіс еді.
АҚШ-қа Ауғанстанда ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкіндігін иелену үшін 2001 жылдан кейін Пәкістанға қатысты жеткілікті ынтымақтастыққа қол жеткізу оңай болмайтыны түсінікті еді. Әсіресе 2001-2002 жылдары Пәкістан мен Үндістан әскері қақтығысып, ядролық соғыс қаупі туындағанда қауіп күшейе түсті. Сонымен қатар бұл кезеңде АҚШ-тың сыртқы саясаттағы негізгі мақсаты – Үнді-Тынық мұхиты аймағында Қытайдың күшейіп келе жатқан ықпалына қарсы тұру үшін Үндістанмен тығыз қарым-қатынас орнату болды (осылайша 2005 жылы АҚШ пен Үндістанның азаматтық ядролық келісімі жасалды). Бұл серіктестік қазіргі таңда Байден әкімшілігінің Үнді-Тынық мұхиты стратегиясының басты бөлігі саналады. «Төрттік» елдерінің (Үндістан, Жапония, Аустралия және АҚШ) рөлін күшейту арқылы осыған қол жеткізу қарастырылған.
Осылардың бәріне көз жүгірте отырып, Буштың 2002 жылғы халыққа жолдауындағы басты қателігі – Американың жауларын «зұлымдықтың негізі» деп сипаттауы болды. Ол терроризмді қолдайтын мемлекеттер деп айыптаған үш мемлекет – Иран, Ирак және Солтүстік Кореяның ешқайсысы АҚШ-тың Ауғанстандағы сәтсіздігіне, «Талибанның» қайта оралуына кінәлі емес.
Бұған кінәлі, негізінен, Пәкістан мен Американың аталған елді өз жағына шығара алмауы. Тіпті 2003 жылы АҚШ бүкіл назары мен ресурстарын Иракқа басып кіруге бөлмесе де, Ауғанстанда жүргізілген сәтсіз саясаттың алдын ала алмас еді.
Пәкістанда жасырынды. Ол ел астанасы – Исламабадтан небәрі 120 шақырым жерде, Пәкістан әскери академиясы орналасқан орташа қала – Абботтабадты мекендеді.

Бұлай деп айту назарды қайғылы сәтсіздіктерден аудару емес. Бұл – Американың халықаралық байланысындағы моральдық кемшіліктері мен жоспарлаудағы қабілетсіздігінің көрсеткіші. Financial Times журналисі Гидеон Рахман атап өткендей, қазір біз постамерикалық әлемде өмір сүріп жатқанымыз сөзсіз. Фарид Закария 2008 жылы қаржылық дағдарыстан бірнеше ай бұрын осындай атаумен кітап шығарғанда, көпшілік оны ерте деп есептеген. Енді дәл уақытында шығарылғанына күмән жоқ.
Билл ЭММОТТ,
The Economist журналының бұрынғы бас редакторы, Пандемиядан кейінгі саясат жөніндегі жаһандық комиссияның тең директоры
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org