23 Қаңтар, 2014

Комитет көкжиегі кеңейеді

377 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

01-лого нұр отанҚандай қоғамдық бірлестіктің қызметі де бақылануға тиіс. Ең алдымен оның өзінің тарапынан. «Нұр Отан» партиясының ішкі партиялық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін бақылаушы органы – Партиялық   бақылау комитеті. Ол өз жұмысын­да партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын, комитет туралы ережені және партия мүшелерінің партиялық тәртіпті сақтауын бақылауын ұйымдастыру жөніндегі регламентті басшылыққа алады. Кеше партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қол қойған қаулыға сәйкес жаңа құрамы бекітілген комитеттің алғашқы отырысы өткізілді.

01-нұр отан

Қандай қоғамдық бірлестіктің қызметі де бақылануға тиіс. Ең алдымен оның өзінің тарапынан. «Нұр Отан» партиясының ішкі партиялық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін бақылаушы органы – Партиялық   бақылау комитеті. Ол өз жұмысын­да партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын, комитет туралы ережені және партия мүшелерінің партиялық тәртіпті сақтауын бақылауын ұйымдастыру жөніндегі регламентті басшылыққа алады. Кеше партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қол қойған қаулыға сәйкес жаңа құрамы бекітілген комитеттің алғашқы отырысы өткізілді.

Партиялық бақылау комитеті­нің төрағасы – «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов алда тұрған міндеттерді саралай айтып, жұмысты жаңаша ұйымдастыру, комитет көкжиегін кеңейту жөніндегі мәселелерді қозғады. Комитет мүшелері – төрағаның орынбасары Серікжан Қанаев, Парламент депутаттары Сергей Громов, Владимир Редкокашин, Ирина Аронова, Майра Айсина, партияның Орталық аппаратының басшысы Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов, партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі Әнуар Ілиясова, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Абай Байгенжин, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Болат Ысқақов, комитет хатшысы Марат Жүнісов Партиялық бақылау комитеті ережесінің жобасы, комитеттің 2014 жылғы жұмыс жоспары туралы ұсыныстарын айтып, ой-пікірлерімен бөлісті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар