«Елорда PISA бойынша республикада көшбасшылық позицияға ие болғанына қарамастан, бізге математика, оқу, жаратылыстану ғылымдары бойынша күрделіліктің жоғары және ілгері деңгейіндегі тапсырмаларды орындау бойынша мәселені пысықтау қажет. Сингапурда әрбір екінші оқушы озық деңгейдегі есептерді шешсе, біздің елімізде бұл деңгейдің 16 пайызы орын алады», деді Көлгінов білім беру мәселелері жөніндегі тамыз конференциясында.
Қала әкімі қазақстандық оқушылар арасындағы ЭЫДҰ-ның математика бойынша орташа көрсеткішінен айырмашылық 66 балл екенін айтты.
«Орташа көрсеткіш 489 балл, Қазақстан бойынша 423 балл. Осыған байланысты оқушыларды тәуелсіз тестілеуден өткізу қажет, сондай-ақ пән мұғалімдері өз көзқарастарын қайта қарап, оқушылардың сыни ойлау, оқу және цифрлық сауаттылық дағдыларын дамытуы қажет», деді Көлгінов.