Биыл тұңғыш рет спортшыларды қолдау мақсатында спорт мамандығы бойынша 50 грант берілді. Арнайы құрылған комиссия мүшелері азаматтардың Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарын қарастырды.
Заңнамаға сәйкес өтініш білдірген талапкерлердің спорттық атақтары мен 2019-2021 жылдарғы спорттық жетістіктері, яғни Қазақстан Республикасының чемпионаты, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, орын алған спортшылар, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, толық емес отбасы, мүгедек спортшылардың отбасылары ескеріліп, конкурстық комиссия шешім қабылдады.