Аймақтар • 25 Тамыз, 2021

Қостанай тұрғынынан ірі көлемде қарасора тәркіленді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында ауласына қарасора еккен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай тұрғынынан ірі көлемде қарасора тәркіленді

Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, Меңдіқара ауданының Степановка кентінің 43 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі жер учаскесінде 20 түп сора өсірген. Үйді тексеру кезінде жазғы ас үйде салмағы 200 грамнан асатын кептірілген қарасора табылды.

Жер иесінің айтуынша, ол қарасораны жеке пайдалану үшін өсірген. Алынған есірткі мен өсімдіктердің жалпы салмағы 90 келіден асты.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.