ҚР Еңбек министрлігі қазіргі уақытта зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы LS басылымы мәлімдеді.
2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу маңызды бағыттардың бірі болады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалдаушылар 2023 жылдан бастап өз қаражаты есебінен өз қызметкерлерінің пайдасына қаражат аударатын болады. Бұл зейнетақы жасына жеткен кезде жинақтардың барабар деңгейін сақтауға, сондай-ақ зейнетақы қаражатының бір бөлігін нысаналы пайдалану құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады», деп түсіндірді министрлік.
Еңбек министрлігінің тағы бір маңызды бағыты – ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру, ең алдымен, 2028 жылдан бастап базалық зейнетақыны ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға айналдыру.
«Ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне негізделетін болады, бірақ белгілі бір параметрлерді жетілдіре отырып. Ауысу зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруды, барлық азаматтарға бірыңғай көзқарас қағидатын, ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіруді, еңбек қатынастарын ресмилендіруді ынталандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп атап өтті еңбек министрлігінде.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың басынан бастап зейнетақы реформасындағы жаңалықтардың бірі зейнетақыны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі болды. Еңбек министрлігінің ақпараты бойынша, қазірдің өзінде 420 мыңға жуық салымшы осы құқықты пайдаланып, жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдаланған.
«БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы ақшаларының бір бөлігін қандай мақсатта пайдаланатынын өздері шешуге құқылы. Сонымен қатар жинақ ақшалардың бір бөлігін жеке қаржы ұйымдарына беру тетігін енгізу салымшылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға және кәрілік басталған кезде азаматтар табысының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Таңдалған басқарушы компания қызметінің нәтижелеріне қанағаттанбаған жағдайда салымшылардың өз жинақтарын басқа ұйымға аудару немесе Ұлттық банкке қайтару құқығы сақталады», деп еске салды министрлікте.
Бұдан басқа, еңбек министрлігі қаржы нарығына қатысушылардың қазақстандықтар инвестициялық табысты зейнетақыдан алу құқығын алу туралы ұсынысына түсініктеме берді.
«Біз біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу немесе жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсаттарына ғана пайдалану бөлігінде бұрын әзірленген тәсілдерді ұстанамыз», деп түйіндеді мемлекеттік орган.
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 20:42
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар