23 Қаңтар, 2014

Алда асқаралы істер тұр

288 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінің мінбері­­­­­­­­­нен Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Елбасының Жолдауы туралы өзінің ойларын ортаға салып, журналис­терге брифинг берді.

Орталық коммуникациялар қызметінің мінбері­­­­­­­­­нен Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Елбасының Жолдауы туралы өзінің ойларын ортаға салып, журналис­терге брифинг берді.

Өз басым Елбасының жаңа Жол­­­­дауынан алған әсерімнен әлі күнге ажырай алмай жүрмін, деп баста­ды ол өзінің сөзін. Бұл – біздің өміріміздің барлық саласын қамты­ған, стратегиялық жағынан маз­мұнды, нақты құжат. Онда еліміздің барлық: экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірлері көрініс тапқан. Соны­мен бірге, онда істейтін жұмыстары­мыз­­­дың басым бағыттар айқын белгіленген.

Мен Елбасы Жолдауы негізі­­нен экономикалық мәселе­лерді қам­тығанымен, қазақстан­дық­тар­дың өмір сүру сапасын арттыру­ды көздегенін атап айтқым келеді. Соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау салаларына айрықша көңіл бөлінген. Бұл факторлар еліміздің бәсекелестікке қабілеттігін арттыратын дүниелер болғандықтан да Елбасының оларға айрықша назар аударғаны анық. Сондықтан Президент бұл салаларды әлемнің ең жоғары стандарттарына теңес­тіру жөнінде Үкіметтің алдына міндеттер қойып отыр.

Одан әрі шешен Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы туралы өзінің ойын сабақтады. Онда барлық қазақстандықтарды біріктіретін құндылықтар айтылған. Бұл біздің ортақ мақсатқа негіз­делген ортақ тағдырымыз, деді ол.

Жолдаудың ауқымдылығы, тереңділігі сол, оның өне бойы­нан Қазақстанның алыс болашақ­ты көздеген стратегиялық бағдарла­рымен қатар, оларға қол жеткізетін тактикалық мүмкіндіктер де көрсетілген. Оларға жеті бесжыл­дықтың аясында қандай кезеңдер­ден өту арқылы жету жолдары айқын белгіленген. Сөйтіп, жо­ғары дамыған 30 елдің қатарына ену перспективасы айдан анық көрсетіліп тұр. Міне, сондықтан да барлық қазақстандықтар қолдарына қарындаш ала отырып, Жолдауды барынша тиянақты оқып, ондағы ойлар мен пікірлердің, ұсыныстар мен талаптардың мазмұнына терең бойлауы қажет деп санаймын. Өйткені, олар Парламентке де, барлық министрліктер мен ведомстволарға да, қоғамдық-саяси институттарға да, әрбір азаматқа да тікелей қатысты, деді С.Дьяченко.

Одан әрі шешен: Жолдауды іске асыру үшін барлық Қазақстан қоғамы біртұтас болып бірігіп істер атқаруы керек. Әрине, елімізді барынша дамыған 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қою – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерік-жігері мен қажыр-қайраты барынша мол, стратегиялық ақыл-ойы терең, аса кең құлашты көшбасшы екендігін көрсетеді. Елбасы алды­мыздағы 15-17 жылды елдің қарыш­ты дамуының кезеңі деп отыр. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсімі 4 пайыздан төмендемеуі және салынатын инвес­тиция көлемі ІЖӨ-нің 30 пайызына жетуі қажеттігі айтылды. Сонымен бірге, қазақстандық экспорттағы шикізаттық емес үлестің көлемін 70 пайызға жеткізу, ғылымды қаржыландыру көлемін ІЖӨ-нің 3 пайызынан кем қылмау, энергия шығынының көлемін екі есе азайту, ал еңбек өнімділігін бес есе арттыру көзделген, деді. Вице-спикер осындай биіктерді бағындыру үшін, әрине, барлық қазақстандықтарға жатпай-тұрмай еңбектену керектігін жеткізді. Сондықтан Елбасы ешкімге де жеңілдік жасалмай, жұмыс нәтижесі барлық лауазым иелерінен қатаң сұралатынын атап көрсетті, деді ол.

Сөзінің біраз бөлігін Парламент спикерінің орынбасары төменгі палатаның заң шығару жұмыстарына қатысты талаптарға арнады. Қаң­тардың 17-сінде, яғни Жолдау жа­рияланған күні-ақ Мәжіліс Төр­ағасы Н.Нығматулиннің төр­ағалығымен палатаның бюро отырысы болғанын, онда парла­мен­тарийлердің міндеттері айқын­дал­ғанын жеткізді. Онда біз Жол­дауды іске асыруға байланыс­ты заңнамалық жұмыстардың ба­сымдықтарын талқылап, жаңа жос­пардың нобайын жасадық. Со­ның ішінде елді индустрияланды­ру, халықты әлеуметтік қорғау, агро­кешен, білім беру мен ғылым, ден­саулық сақтау салаларын жетіл­ді­ру­ге байланысты заң жобаларын әзір­леу жоспарға енгізілмек, деді ол.

Сөзінің соңында С.Дьяченко журналистердің сұрақтарына жа­уап берді.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар