Дзюдодан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов отандық паралимпиадашыларды қолдауға шақырды.
«Ел намысын қорғауға аттанған паралимпиадашыларға сәттілік тілеймін! Қазақстан құрамасына жанкүйер болайық!», дейді дзюдошы.
Биылғы Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
Спорттық бәсекеге Қазақстан сапынан 25 спортшы сынға түспек.