Әлем • 26 Тамыз, 2021

Нигерияда қарулы шабуыл тыйылмай тұр

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның Плато штатында қарулы шабуылдар салдарынан 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нигерияда қарулы шабуыл тыйылмай тұр

«Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, қарулы адамдар 25 тамызға қараған түні үш ауылдың тұрғындарына шабуыл жасаған. Салдарынан көптеген адам жараланып, үйлер өртенді. 

Плато штатының жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры Макут Мачам шабуылдарға қатысы бар 10 адамның ұсталғанын хабарлады. 

Оның айтуынша, штат губернаторы Саймон Лалонг аймақта коменданттық сағат жариялап, аймақтың қауіпсіздік күштері басшыларын шұғыл жиналысқа шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін 14 тамызда Плато штатында 22 адам қарулы шабуылдың құрбаны болды, тағы 14 адам жарақат алды.